Тұран ауданын инфрақұрылыммен қамту құрлысы қарқынды

20 шiлде 2023, 9:47

Шымкент қаласы Тұран ауданында 21 елді мекеннің 20-сы сапалы ауыз сумен қамтылса, Құрсай шағын ауданы тіршілік нәрін кестемен тұтынып отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2021 жылы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан құрылыс жұмысы басталған болатын. Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сәйкес, құрылыс жұмысы осы жылы аяқталып, құрсайлықтар сапалы ауыз суға қол жеткізбек. Сонымен қатар, ауданның ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

Ал, ауданда елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтылуы 99,5 пайызды құрап отыр. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарық жүйелерін тарту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысын 2023-2024 жылы жүргізу жоспары бар.

Тұран ауданында 2022 жылдың соңында Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ шағынаудандарын газдандыру құрылысы аяқталған болатын. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жалпы, аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.

Сонымен қатар, Тұран ауданында кәрізбен қамту жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалады. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұдан өзге Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында да кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60%-дан 65 %-ға артатын болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды