jasqazaq.kz

Түнгі клубтағы туған күн (видео)

27 сәуiр 2020, 12:06

Алматыда караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды. Алматы қаласының Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан бұл екі мекеме карантинге қарамастан жұмыс істегендігі анықталды. Тәртіп сақшылары клубтарға келген кезде ішінде адам көп болды: бір тобы туған күн атап өтсе, екінші топ көптен бері кездеспегендеріне орай жиналғандар.

“4-ші ықшам ауданда түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлады, осы үшін біз оларға ризашылығымызды білдіреміз. Тексеру нәтижесінде осы ойын-сауық мекемесінен біздің бөлімге 30 адам жеткізілді, олардың 6-сы қызмет көрсету персоналы. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, мекеме, оның иесі – 1987 жылы туған Л.есімді азаматтың айтуымен жұмыс істеген. Осы барда карантин туралы естімегендей әсер қалдырды: ол жерде алкоголь ішіп, би билеп, кальян шеккен. Айтпақшы, осы факторлардың барлығы инфекцияның таралуының тікелей көзі болып табылады. Өкінішке орай, мұны барлық азаматтар біле бермейді. Бірақ карантинді сақтау шаралары, ең алдымен, олардың қауіпсіздігіне бағытталған”, – дейді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов. Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 12 адам уақыт өткізген жұмыс істеп тұрған караоке клубты анықтады. Әндерді орындаумен қатар, бұл мекемеге келушілерге эротикалық массажға дейін көптеген қызметтер ұсынылды. “Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сот шешімімен олардың 9-ы әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Біз азаматтарды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерін төтенше жағдай және карантин ережелерін сондай-ақ, олардың талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Әйтпесе, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – деді өз кезегінде, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк