jasqazaq.kz

Туризм: Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетуге дайын

08 сәуiр 2025, 13:09

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр бүгінгі таңда елімізде инвестициялық бірқатар ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік объектілер құруға, сондай-ақ экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Осы өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін берілетін болады.

Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ оқиғалық және мәдени туризм белсенді дамып келеді. Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде барлық мәдени, оқиғалық, спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітуді тапсырды. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар осындай ауқымды іс шараларды туристерді тартуға бейімдеу үшін нақты тетіктерді әзірлеуі керек.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк