jasqazaq.kz

Туды терезесіне ілген «патриот» 453 000 теңге айыппұл төлейтін болды

02 қараша 2017, 11:34

Қызылорда тумасы терезесіне Қазақстан туын іліп қойғаны туралы мақала шыға салысымен, жігіттің пәтеріне тәртіп сақшылары жетіп барыпты. Олар Сұлтан Тумашиновке қомақты айыппұл салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сұлтан Тумашинов шаштаразда кезекте отырған сәтінде досының қоңырау шалғанын есіне алды.

«Досым «терезеңе ту іліп қойған сенсің бе? NUR.KZ порталындағы мақала сен туралы ма?» деп сұрады. Ол Қазақстан туын ұстап жүргенімді және «Арай — 2» ықшамауданына көшіп барғанымды біледі. Мен NUR.KZ-тен расымен өзім туралы мақаланы көріп, дереу үйіме асықтым.

Подьезге кірсем, полиция күтіп тұр

Бұл жексенбі күні таңертең болды. Подьезге кірсем, менің есігімді екі полицей қағып тұр. Ішімнен «мақаланың шыққаны жаңа ғана еді, полиция қалай жылдам әрекет етуде» деп ойладым.

Ту менің жанымды жадыратады, алайда патриот болу қымбатқа түсті

Менде пәтер жоқ. Сондықтан жылына бір рет пәтерден пәтерге көшіп тұрамын. Жеке заттарым аз, дегенмен туды ұстап жүргеніме он жылдан асты. Әр пәтерде туды қабырғаға, терезеге немесе балконға іліп қоятынмын. Ол менің жанымды жадыратады.

Бұл маған ешқашан қиындық тудырған емес. Осы жолы не себепті жағдай өзгергенін білмедім. Ту терезенің алдында ілулі, мен оны перде ретінде пайдаланған емеспін. Туды қоқысқа лақтырған емеспін, онымен аяқ сүрткен де жоқпын.

Ол менде қашан да тап-таза, үтіктелген күйі тұрады. Мен туған жерімнің патриотымын — мемлекеттік нышандарға деген құрметімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ту басымнан жоғары қабырғада ілулі тұрған», — деп ағынан жарылды азамат.Патриоттық үшін айыппұл — жарты миллион теңге

«Қазақстан туын пайдаланғаны үшін Сұлтан Тумашинов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 453 800 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді», — дейді Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметінде.

«Бұл жағдайда мені айыппұл емес, әділетсіздік күйіндіреді. Мен біреудің ар-намысына тидім бе? Мен расымен заңды бұзып, еліміздің туына құрметпен қарамадым ба?

Менің тереземді суретке түсіріп, бірден NUR.KZ порталына жолдаған көршіме де қояр сұрағым бар. Неге ол менің есігімді қағып, жағдайдың мән-жайын білмеді? Неге маған өз шағымын айтпады?

Мен бұл қаулыға шағым түсірмекпін және қазақстандықтардан мені қолдауын сұраймын. Мен өз әрекетімнің заңға қайшы еместігін дәлелдегім келеді», — дейді Сұлтан.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы