jasqazaq.kz

Цифрландырудың сиқырын меңгерді

13 желтоқсан 2017, 10:58

Алматыдағы №7-клиникалық аурухана ең алғашқылардың бірі болып жаңа электрондық жүйеге көшті. Бүгінде аурухана 3Н жүйеде жұмыс істеуде. Яғни жаңа бастама халыққа сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Осыған орай, қабылдау бөліміне келіп түскен науқас үш топқа бөлінеді. Емделушінің ахуалына байланысты қолына қызыл, сары және жасыл түсті білезік тағылады. Қызыл білезік тағылған адам — шұғыл түрде медициналық көмекке мұқтаж, ал сары білезік таққан науқас — интенсивтік емес көмек көрсетіледі. Жасыл түсті білезік киген емделушіні қабылдап, қызмет көрсетіп, бағыт беруге, ал қажет болған жағдайда жоспарлы тәртіпке сәйкес ауруханаға жатқызуға жіберіледі.


Аталған жүйе стационарда медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде байланысты жақсартуға, медициналық қызмет сапасын көтеруге бағытталған. Бұған қоса, қабылдау бөліміндегі кезек санын азайтып, науқастың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, дәрігердің де жұмысын жеңілдетеді деген сөз. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған жаңа жүйе науқасқа кабинеттен тыс қызмет көрсетуге арналған.
Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Абдуллаев «Бүгінгі біздің кездесуіміз қабылдау бөлімінің жұмысын өзгертіп, жаңартып, халыққа пайдалы болуы үшін ойластырылған жүйе. Бұл халық үшін өте тиімді деп айта аламыз. Қысқа мерзімде жинаған тәжірибемізге сәйкес, халыққа көрсететін көмек үш ретке дейін азайды. Бұрындары қабылдау бөлімінде тек науқас емес, олардың жанындағы туыстары барлығы бірге жүретін. Ал қазір науқасты қабылдау бөліміне кіргізіп, тиісті көмек көрсетіп, ары қарай емін жасаймыз» -дейді.
Мұндағы тың технология науқастар үшін мол мүмкіндік пен жағдай жасап отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың сан алуан сұрағына жауап беретін «Кол орталықта» өз жұмысын бастағалы қашан? Диспетчерлер таңғы сегізден кешкі сегізге дейін қоңырау қабылдайды. Ал, түнде сауалдар автоматты түрде жазылады.


Триаж жүйесі француз тілінен аударғанда – іріктеу деген мағынаны білдіреді екен. Бас дәрігердін айтуынша «Келген науқастарды ең алдымен –жан сақтау бөліміне апару немесе дәрігер айналысу және қай науқас жарты сағат күте алатынын іріктеп алған жөн . Міне, соған қарай жұмыс жүргіземіз. Аурудың жеңіл түрі болса, онымен орта буын мамандар айналысады. Бұл жүйе барлық ауруханада болу керек. Бізден бұрын қалалық 4-ші ауруханада енгізілген. Біз — екіншіміз. Медициналық сақтандырудың бірінші міндеті – халыққа жоғары, сапалы көмек беру» -дейді М.Абдуллаев.
Алдағы уақытта бұл жүйе қаладағы барлық ауруханаларда орнатылмақ. Айта кетейік бұл жаңашылдық Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Салтанат ШЫРЫНХАН

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң