Цифрландыру — инженерлік коммуникацияда

15 қазан 2018, 14:42

Қазақстанның барлық инженерлік нысандары таяу уақытта мемлекеттік цифрлық кадастрға енгізіледі. Цифрлық кадастырды жасаумен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитеті «Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр республикалық орталығы» РМК айналысуда.

Айта кеткен жөн, 2014 жылға дейін қалалық кадастр түрлі бағдарламаларда, түрлі деректер форматында, сондай-ақ деңгейіне байланысты әртүрлі органдарда жүргізіліп келді. Атап айтқанда, республикалық деңгейде кадастрды құрылыс саласындағы құзыретті орган жүргізді. Облыстық, аудандық және базалық кадастрды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырды. Бұған дейін республика аумағында базалық деңгейдегі кадастрлар ішінара жүргізіліп келсе, облыстық деңгейде ешбір өңірде болмады. 2014 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңында (37, 38 және 40-баптары) қабылданған түзетулерге сәйкес, Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген, жердің беткі және астыңғы қабатындағы инфрақұрылымдар мен барлық жылжымайтын нысандар туралы ақпаратты тiркеу, есепке алу, сақтау және берудiң бiрыңғай жүйесiнде сақталады. Қазақпарат хабарлағандай, қазіргі уақытта еліміздің инженерлік инфрақұрылымдары мен жылжымайтын мүлік туралы деректерді цифрландыру жүргізіліп, мемлекеттік қала құрылысы кадастры жасалды. Бұл құрылыс саласын цифрландырудың маңызды элементі екенін атап өткен жөн. Көп ұзамай су, электр қуаты, жылу және газбен жабдықтау сияқты Қазақстанның инженерлік желілері мемлекеттік цифрлық кадастрға енгізілетін болады. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, Экономика секторларының барлық бағыттары мен инфрақұрылымдарын цифрландыру арқылы бір ақпараттық алаңға біріктіру — саланың жағдайын объективті бағалауға және оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді. IT-кадастры өңірлер мен елді мекендердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында мемлекеттік органдарға және мүдделі тараптарға ақпарат беру қажеттілігі мәселелерін шешеді. Сонымен қатар Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархаббат Жайымбетов атап өткендей, мемлекеттік қалалық кадастр деректерін есепке алу және инвентаризация көмегімен жердің бетіндегі коммуникациялар нысандарын жоспарлау және жобалау оңайырақ болады. Әр сала бойынша әрбір ұйымдастырылған елді мекенде инвентаризация тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Оның деректері Мемлекеттік қалалық кадастрдың бірыңғай жүйесіне енгізіледі. Қазіргі таңда инвентаризация Шымкент, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз және Орал аумағында басталды.

Руслан Достаев

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?