jasqazaq.kz

Трансгендер балалар дәрігер мен клиниканы сотқа берді

18 ақпан, 10:26

АҚШ-та кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің жынысын ауыстыруына қатысты сот істері қарала бастады. Кейбір жасөспірімдер өзіне жасалған медициналық ем-шара үшін дәрігерлер мен клиникаларды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Американдық The Wall Street Journal басылымы жариялаған мақалада Сорен Алдако есімді кейіпкер өз басынан өткен жағдайды баяндайлы. Оның айтуынша, 11 жасында өзін трансгендер ретінде қабылдай бастаған:

«11 жасымда мен өзімді трансгендер ретінде қабылдай бастадым. Әртүрлі сайттар мен жабық онлайн-форумдарға кіріп, сол ортаға терең араластым,»- деді ол. Осылайша Сорен Алдако жасөспірім шағында интернеттен өзін қоғамда «өз орнын таба алмаған», өзгелерден бөлек адам ретінде сезінгендермен таныса бастаған:
«Жабық онлайн-форумда 14 жастағы суретші қызбен таныстым. Мен оған қатты қызығып, үлгі тұттым.
Екеуіміз де өзімізді қоғамда бөтен, өз орнымызды таба алмағандай сезіндік. Егер біз он жыл бұрын дүниеге келгенде, бәлкім, бізді “ұл мінезді қыз” деп қана айтар еді. Ал біздің кезімізде бұл жағдай “әйелдің рөліне сай болу” деген түсініктің қысымымен ұштасып жатты. Интернеттегі қауымдастықтар бізге осы ішкі қайшылықтың “табиғи шешімі” – өзімізді ұл ретінде қабылдау деген ойды санаға сіңірді…
Мен әлеуметтік жағдайы осал отбасында өстім. Анам мен өгей әкем мені жақсы көрді. Бірақ мен үш жаста болғанда өгей әкем мүгедек болып қалды. Шамамен он жылдан кейін туған әкеммен қайта байланыс орнаттым. Өгей анам екеуі менің жан күйзелісімді көргенде, ал психиатр бұл күйдің менің трансгендерлік сәйкестігіммен байланысты екенін айтқанда…
Мен дауыс беруге де, алкоголь ішуге де жасым жетпеген бала едім. Соған қарамастан, гормондық ем мен ота мені “дұрыстайды” деген сенімге беріліп кеттім…»-деп өкінішін жеткізді Сорен Алдако.
Кейін ол дәрігерлердің кеңесімен гормондық терапия қабылдап, кәмелет жасқа толмай жатып жыныс ауыстыру отасын жасатқан. Алайда отадан кейін ауыр асқынулар пайда болғанын айтады. Қазір ол жас кезінде қабылдаған шешіміне өкінетінін және мұндай қадамға толық саналы түрде бармағанын жеткізген.
Мақалада сондай-ақ медицина қызметкерлері мен психологтардың жасөспірімнің өтінішін жылдам мақұлдау тәжірибесіне қатысты сын айтылады. Алдако мен оған ұқсас бірнеше азамат медициналық мекемелерге қарсы сотқа жүгініп, өтемақы талап етуде. Олар болашақта мұндай жағдайдың алдын алуды мақсат етеді.

Олжас Әбдіхалық

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады