Трамптың Виктор Храпуновқа қандай қатысы бар?

20 қазан 2016, 11:24

20161020092739

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп ұзақ жылдар бойы маңайына жақтаушылар және өз империясының қызметкерлерін жинақтаған. Олардың кейбірінің ұйымдасқан қылмыс немесе алаяқтыққа байланысты күмәнді тарихы болған.

Financial Times басылымында бар деректерге сәйкес Трамптың қаржы жылыстату бойынша халықаралық желімен байланысы болған. Хат алмасулар мен банк құжаттары Трамп компаниясы қазақстандық бизнесмен, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың отбасымен байланысы болғанын көрсетеді.

Храпуновтың отбасы Манхэттанде Трампқа тиесілі зәулім тұрғын үй кешенінен қымбат апартаменттер сатып алғаны атап өтіледі. Сондай-ақ Храпуновтың қаржы алпауыттарының бірімен ірі коммерциялық кәсіпорындарға қатысқаны белгілі болды.

Әріптестердің бірі Бэйрок (Bayrock) Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, Алматының бұрынғы әкімі Храпунов отбасымен байланысы болғанын айтты, ол сондай-ақ өзінің Трамппен ынтымақтастығы туралы да айтып берді.

Наурызда алматылық адвокаттар америкалық сотқа Храпунов пен оның отбасы «жүздеген миллион доллар мемлекеттік активтерді жүйелі түрде алуға және оны күрделі банк есепшоттары желісі арқылы жылыстатуға сөз байласқанын» хабарлаған.

Храпуновтардың ақша жылыстатуға пайдаланған компаниялар арасында адвокаттар үш компанияны атап көрсетті, бұлар : Сохо3310, Сохо3311 және Сохо3203. Олардың әрқайсысы жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде тіркелген, яғни бұл олардың меншіктерін жеңіл жасыруға мүмкіндік береді.

Барлық компаниялар Нью-Йоркте 2013 жылы сәуірде құрылған, ал бір аптадан кейін, жазбаға сәйкес, олар Храпуновтар отбасы өз аттарына жазған пәтерді және құрылысы 2010 жылы аяқталған Манхэтанның көрікті жеріндегі 46 қабатты отел-кондоминимумды сатып алу үшін жалпы сомасы $3,1 млн төлеген.

Алматылық адвокаттардың деректеріне сәйкес Сохо компаниясының соңғы бенефициары Калифорнияда тұратын Виктор Храпуновтың қызы Эльвира Кудряшова болған. Қазақстан үкіметіндегі дереккөзге сәйкес нақ сол және оның ағасы Ільяс ақшаны жылыстатудың негізгі буыны болған.

Сохо компаниясы пәтерлерді сатып алғанға дейін азаматша Кудряшова шоттарынан Мартин Йанның Нью-Йорктегі адвокаттың фирмасының шотына $3,1 млн астам қаражат аударылған. Басылым хабарлағандай, азамат Йан пәтерлерді сатып алуға арналған агент болып, әрі қарай азаматша Кудряшова мен Сохо жалған компаниясы арасындағы келісімдерге делдал болды.

Басылым атап өткендей, бір қарағанға Трамп пәтерлерді сатуда бенефициар болмағандай көрінеді. Сатушы жауапкершілігі шектеулі компания — Байрок/Сапир Организайшн ААҚ болған. Алайда бұл компанияны Трамп Сохо құрушылардың бірі — Темир Сапир құрған.

Еске сала кетейік, қаңтар айында АҚШ Манхэттен мен Майамидегі премиум-жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдаланылатын жалған компаниялардың нақты иелерін анықтау бойынша пилоттық бағдарламаны іске қосты. Шілде айында шенеуніктер жаңа ережелер «заңды тұлғаның қымбат жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ақшаны жылыстатуға болатынын» растағанын хабарлады.

Храпунов отбасының өкілі Сохо пәтерлері мен өзге де келісімдерге қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Ілияс Храпуновпен (Владимир Храпуновтың ұлы — ред) бірге жұмыс істеген бельгиялық бизнесмен Николас Бурдың сөзіне қарағанда, ол швейцариялық компанияны өзінің және отбасының қаражатын жылыстатуын жасыру үшін пайдаланған.

Қазақстан үкіметі сонымен қатар өзге швейцариялық Helvetic Capital SA компаниясына Храпуновтар жанұясының қаржысын жасырды деген айып тақты. 2007 жылғы жобаға сәйкес, Helvetic Capital SA KazBay бірлескен кәсіпорнына кіріп, оған $1,5 млн салуды көздеген, келісім бойынша серіктес Bayrock компаниясы болған.

Ал Bayrock компаниясы барлық айыптарды жоққа шығарып, сот шағымдарын «өзінің бұрынғы жұмыс берушісінің (Дональд Трамптың — ред) Ресей мен Қазақстандағы мүдделерін жасыру ниеті» деп отыр.

Алайда, басылым жазғандай, Bayrock — Trump екі өкілі Храпуновқа жұмыс істеуге көшкен.

FT қолына түскен фирманың хаттары мен құжаттарына сәйкес, азамат Сатер және азамат Ридлов Эльмира Кудряшовамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеген. Осылайша, 2012 жылы олар ірі инвестор ретінде АҚШ азаматтығын алу үшін Эльмира Кудряшова $3 млн құйған компанияларында директорлық қызметті атқарған.

ҚазАқпарат

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?