jasqazaq.kz

Трамп тарифі Қазақстан экспортының 4,8 пайызына ғана әсер етеді

03 сәуiр, 14:34

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің АҚШ-тың бірқатар тауарға жаңа кедендік баждар енгізуіне қатысты мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәлімдемеде жазылғандай, АҚШ тарапынан қабылданған жаңа сауда шараларын алдын ала талдау нәтижесінде, Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарларының елеулі бөлігіне қосымша тарифтердің әсері болмайтыны анықталды. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекшеліктер тізіміне енгізілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық (4,1 млрд АҚШ доллары). Қазақстанның АҚШ-қа экспорт көлемі 2024 жылы 30,6 пайызға артып, 2,0 млрд АҚШ долларын құрады. АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болды.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорт құрылымында негізгі орын алатын тауарлар — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да тауарлар. Бұл санаттағы өнімдер АҚШ Президентінің «Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы» Жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарлардың 92 пайызын құрайды.

Қосымша баждар белгілі бір тауар топтарына қатысты енгізіледі. Бұл санаттағы тауарлардың экспорт көлемі былтыр 95,2 млн АҚШ долларын құрады. Олардың ішінде — фосфор (2024 жылы экспорт көлемі 15,9 млн АҚШ доллары), ферросилиций (12,7 млн АҚШ доллары), линзалар (4,1 млн АҚШ доллары), бидай клейковинасы (4 млн АҚШ доллары), аммоний нитраты (2,4 млн АҚШ доллары). Қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының тек 4,8 пайызына ғана әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті.

Қазақстан 10 жыл бойы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшесі болып келеді және сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда ұйымның принциптерін қатаң ұстанады. АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық аясында Қазақстан халықаралық міндеттемелерге сәйкес саудада тең және кемсітушілікке жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.

JQ-Aqparat

Фото: 1tv.ge

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр