Төреғали Төреәлі Түркиядан келген әнші Фулинмен бірге «Алло» әнін орындап, қазақ елі атынан домбыра тарту етті, – деп хабарлайды Stan.kz.
лімізде өтіп жатқан «Silk Way Star» байқауында Төреғали Төреәлі Түркиядан келген әнші Фулинмен бірге «Алло» әнін орындады. Ән орындағаннан кейін, Төреғали Фулинге қазақ домбырасын тарту еткен.
«Түбіміз түрік қой. Құрманғазы, Динадан қалған, ата-бабамыздан мұра болған қазақтың қара домбырасын сыйға тарту етуге рұқсат етіңздер», — деді Төреғали.
Айта кетсек, Silk Way Star халықаралық телевизиялық шоуына 9 мемлекеттен қатысушылар қатысып жатыр. 12 кезеңнен тұратын қазақстандық жоба 3 айға созылады деп жоспарланған. Байқауда Қазақстан, Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан және Тәжікстан елдерінің әншілері өнер көрсетуде.