jasqazaq.kz

Төреғали Көлсайдағы гидпен мәмілеге келді

05 қазан 2022, 16:45

Әнші Төреғали Төреәлі 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық саябақтың аумағында бір жігітті ұрды деген ақпарат тараған. Кейіннен Алматы облыстық полиция департаменті әнші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық саябақтың аумағында болған бұзақылық фактісі Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс ретінде тіркелді.

Ал бүгін Төреғали Төреәлі Бекарыс бауырымен бір мәмілеге келгенін жазды. Әнші Instagram-дағы парақшасында халық таза пейілімен сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтынын айтты.

Төреғали Төреәлі:

Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой. Ал сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе?

Әнші Бекарыс атты жігітпен бірге түскен фотосын жариялап, екеуінің татуласқанын хабарлады. Сонымен қатар ол көрерменге алғысын да жеткізді.

«Ер шекіспей, бекіспейді» деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рақмет, — деді әнші.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті