Толқын Тұрарбекқызы: Қызыма Алладан шипа беруін сұраймын

12 шiлде 2023, 9:49


Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіге қызы Кәусардың сырқатын қалай қабылдағаны жайлы сөз етті.
«Біздің қоғам ерекше балаларды күнделікті қоғамдық жерлерде көріп үйренбеген. Себебі ерекше баласы бар әр ана баласына деген қарым-қатынастан баласын үйінен шығара алмайды. Әр ана өзін кінәлап, іштей жеп, бақытты өмірдің не екенін ұмытады. Дәрігерлердің ауыр үкімдері үмітіңді өшіре береді. Ал балаң саған мөлдіреген көздерімен қарап, көмек сұрағандай көзқарас танытқанда, нағыз азап басталғандай болады. Себебі қолыңнан келері жоқ. Шарасыз қалудан артық жаза жоқ секілді сезінесің. Сыртқа өзімізді мықты көрсеткіміз келеді. Ал ішіңнен өртеніп, жанып, мыңдаған сұрақтарға жауап ала алмай жүрген, неге басқа аналардың баласы сау, неге менің балама соншама ауыртпашылықты төгіп бердің деген Аллаға налу бар екенін тіпті біз, аналар, мойындамаймыз. Алладан шипа беруін сұраймыз. Бірақ іштей сенбейтінімізді де түсінбейміз. Себебі жүрегіміздің түбіне үңілмейміз”, – деп жан сырын ақтарды.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды