jasqazaq.kz

Толассыз жауған жаңбыр алматылықтарды әбігерге салды (видео)

07 қараша 2017, 17:08


Алматыда толастамай жауған жаңбырдың салдарынан қала көшелерін су басуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

 

 

 

 

 

Толассыз жауған жаңбырдан кейін Алматының кейбір көшелері суға толып, қозғалысқа кедергі келтіруде. Бұл туралы тұрғындар желіде хабарлауда.

Сондай видеолар Kris_p_almaty паблигінде жарияланды. Онда Алматыдан шыға берістегі әуежайға баратын айналма жолда жауын салдарынан ұзын сонар кептеліс пайда болғанын көруге болады.

Жүргізушілердің жазуынша, жол қозғалысын реттеушінің болмауынан кептеліс бірталай уақытқа созылған.

«Әуежайдың айналма жолындағы Құлжа трассасында осындай жағдайлар болуда. Төрт бағыт бойынша да қозғалыс тоқтап тұр. Бірде бір жол реттеуші де, жол инспекторы да жоқ», — дейді жүргізушілердің бірі.

Төле би – Момышұлы көшесінің бойында «Газель» жүк көлігі арыққа түсіп кеткен.

Сондай-ақ, Төле би — Әуезов көшесінде де бір автокөлік арыққа түсіп кетіп, орнынан қозғала алмай қалған.

Шаңырақ-2 ықшам ауданының тұрғындары да жаңбырдан кейін жолдың барлығы балшыққа айналғанын айтып шағымдануда. Олар бұрын осы көшеде асфальт болғанын айтады.

«Барлығын қазып тастады. Өту мүмкін емес. Бұл мәселені шешуді сұраймыз», — дейді олар.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы