jasqazaq.kz

Толассыз жаңбырдан жиналған су дер кезінде тазалануда

26 қазан 2022, 22:58

Тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды.

Шымкент бір аптада 200 тонна күл-қоқыстан тазартылды. Соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Жаңа шек, Бозарық, Чинат-1, Ынтымақ, Қос-диірмен каналдарына және Қошқар-ата мен Қарасу өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Күз, қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып, тасу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді. “А-III group” мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп, тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Бүгінде тазалық жұмыстары кезеңінде, Еңбекші ауданы аумағында орталық көшелердің ирригациялық арықтары мен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады. Тазалық жұмыстары Абай ауданында да жалғасты. Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады. Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті