jasqazaq.kz

Толассыз қар тіршілікті тұралатты

31 қазан 2016, 22:21

oral

Батыс Қазақстанда тәулік бойы толассыз жауған қар ағаш бұтақтарын сындырып,  электр желілерін зақымдады. Қазір төрт ауданның тұрғындары жарықсыз отыр. Облыстың коммуналдық қызмет төтенше жағдай салдарын жойып жатқанымен, жұмыстары өнетін емес.

Бұған дейін төтеншеліктер Батыс Қазақстан облысы бойынша ауа райының күрт суыйтыны жайында ескерту жасаған. Өңірде күні бойы жауған қарға жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін жел қосылып, арты ақ түтек боранға айналды. Мамандардың айтуынша, бір тәуліктің ішінде бұл аймаққа ақ ұлпаның он күндік мөлшері түскен. Табиғаттың мұндай тосын сыйына облыс орталығының коммуналдық қызметі де дайын болмай шықты. Бар техникасы мен 300-дей жұмыс қолын жұмылдырғанымен көшелерді қардан тазалап үлгерер емес. Қар ағаш бұтақтарын сындырып, электр желілерін де зақымдаған.

Нұржан  Қажкенов,  БҚО ТЖД бөлім бастығы:

-Ағаштардың құлауының себебінен электр энергиясының желілері үзіліп, сонымен қазіргі уақытта Зеленов ауданы Даринск ауылында 302 абонент  және Теректі ауданы  Богданов ауданында 257  абонент қазіргі уақытта электр қуатынсыз қалуда.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету