jasqazaq.kz

Тоқаев: Азия туралы болжам шындыққа айналды

13 қазан 2022, 12:16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Азия атаулы ЖІӨ және сатып алу қабілетінің паритеті бойынша танымал әлемдік экономикалық көшбасшыға айналды. Аймақ айтарлықтай адами және табиғи ресурстарға ие. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың 30 триллион долларлық тұтынуының барлық болжамды өсуінің тек 1 триллион доллары Батыс экономикаларына түседі деп күтілуде. Алайда, Азияның болашағы біздің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты», — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті дамыту үшін қабылданған қадамдар осы мақсатқа сәйкес келетініне сенім білдірді.

«Кеңес бұдан былай Азия құрлығында жұмыс істейтін басқа да табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы прогреске, экономикалық өркендеуге және диалогқа ықпал ететін болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті