jasqazaq.kz

«Тізімде менің де атым бар екен». Мұхтар Тайжан төленбеген салық туралы түсінік берді

19 ақпан, 15:54

Әлеуметтік желіде салық төлемеген 31 танымал тұлғаның тізімінде саясаткер Мұхтар Тайжан 30-шы болып тұр. Бұған қатысты ол мынадай түсінік берді:

«Жақында блогерлердің тізімі жарияланыпты, онда олар салықты толық төлемеді-міс. Сол тізімде менің де атым бар екен, бірақ салыстырмалы түрде шағын сома көрсетілген. 2022 жылы шамамен 10 млн теңге, 2023 жылы тағы 10 млн теңге, барлығы 20 млн теңге шамасында. Басқалар туралы ештеңе айта алмаймын, бірақ өз жағдайымды салық органынан анықтап алдым. Сонда мені блогерлер қатарына енгізу себебі – Facebook, Instagram және YouTube-тағы жазылушыларымның көптігі. Салық органдары мені жасырын жарнама жасайды деп күдіктеніп, барлық жеке банктік карталарымдағы қаржы айналымын тексеруді сұратқан».

Мұхтар Тайжанның айтуынша, салық мекемесі қаржылық операцияларын зерттегеннен кейін барлық кірісін жарнамалық қызмет үшін төлем деп санап, салық төлеу туралы есеп шығарған. «Барлығы – жеке аударымдар: отбасылық төлемдер, менің басқа банктегі шоттарымнан, депозиттерімнен алынған қаражат, банкоматтан қолма-қол толықтырулар және т.б. Салық органдары мұның бәрін жарнамадан түскен табыс ретінде есептеп қойған. Енді менде 2022-2023 жылдардағы барлық аударымдар бойынша құжаттық есеп беру үшін 1 ай уақыт бар, сонымен айналысып жатырмын. Бұған сабырлы қараймын, бұл туралы жазу жоспарда болмаған, өйткені салықтық тексеруден бірінші рет өтіп тұрған жоқпын. Бірақ аты-жөнім тізімде жарияланғандықтан, түсініктеме беруді жөн көрдім. Салықтық тексеру нәтижелерін кейінірек бөлісемін», — дейді ол.

Әлбетте, отбасылық төлем, депозит, жеке аударымды дәлелдеу қиынға соқпайтыны анық. Бірақ банкоматта қолма-қол толықтыруға қатысты сауал туындауы ғажап емес.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда