Тиым салынған жерде шомылып менингит жұқтырған

24 шiлде 2023, 15:23

Елордада тыйым салынған жерде шомылған екі азаматтан серозды менингит анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова хабарлады.

«Жаз басталысымен халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғындарға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керектігі ескертіледі. Мамыр айынан бастап күнмен қатар су да жылиды. Сәйкесінше түрлі инфекциялар көбейе түсіп, жұқпалы аурулардың артуына алып келеді. Әсіресе, ашық су қоймалары мен субұрқақтарда. Рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Шомылу маусымы басталғалы екі астаналық рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, салдарынан серозды менингит жұқтырған. Өткен жылы осы кезеңде 6 адамнан серозды менингит анықталды», — деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды