Тіл саясатын жетілдіру – маңызды шаруа

10 мамыр 2023, 10:46

Елімізде тіл саясатын дамыту, қазақ тілін реформалау жайына қатысты қордаланған сұрақтарды Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері. PhD докторант Қуатбек Дүйсенге қойып, сұхбат алдық.

– «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Тіл маманы ретінде осы бағдарламаның тиімділігін тарқата айтып берсеңіз.

– Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мәтінінің құрылымы және мазмұны еліміздегі мемлекеттік тілге қатысты орын алған саясаттың жалғастылығын көрсететін құжат. Бұл құжат 1995 жылғы Конституция қабылданғалы бергі қазақ тілін дамыту бағыттарын айқындайды. Бағдарлама қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамыту аясын «балабақша, мектеп және ЖОО» шеңберінде жүргізеді. Бағдарлама стратегиялық құжат саналғандықтан, мемлекеттік тілдің дамуын орта және алыс перспектива деңгейінде жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыс нәтижесін бағдарлама аяқталып, 5-7 жыл өткен соң көруімізге болады. Бұл ретте жоғарыда келтірген бағдарламаға ұқсас, бұрынырақ қабылданған құжаттардағы міндеттердің жүзеге асу деңгейін талдайтын болсақ, біраз оң нәтижелерді байқауға болады. Мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қабылданған бағдарламалардың стратегиялық тұрғыдан нәтижелігін көреміз. Осыған байланысты, тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 бағдарламасының нәтижелерін бес-алты жылдан кейін байқап, талдау жүргізе аламыз.

– Тіл саясатын арттырудың басты көзі — қазақ тілінің қолданыс аясын кез келген салада кеңейту. Тіл білімі институты ана тіліміздің өркен жаю жолында қандай іс-шаралар өткізіп келеді?

— Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты — қазақ тілінің шырақшысы. Институт қазақ тілін зерттеумен айналысатын бірегей ғылыми мекеме. Институт құрылғалы бері қазақ тілінің әр қырынан дамып, кең қанат жаюына барынша мүдделі. Биыл Тіл білімі институтында қазақ тіліне қатысты 2 ірі жобаға жеке өзім қатысып жүрмін. Оның біріншісі — қазақ тілінің ұлттық корпусы. Бұл жоба қазақ тілінің жүйеленген және ретке түскен мәтіндерін жинақтауды міндет етеді. Корпус қазіргі цифрландыру заманындағы қазақтілді қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, корпусқа жинақталған мәтін кластерлері көптеген ғылыми, гуманитарлық әрі техникалық мәселелердің шешімі бола алады. Мәселен, корпус мәтіні оқулық құрастырушылары үшін сөздердің немесе сөз тіркестерінің қайталану жиілігі, қолдану ерекшелігі жайында ақпарат беретін дереккөз бола алады. Корпус – копирайтерлер мен сайт құрастырушыларға ақпаратты әсер етуді көздеген аудиторияға тез жеткізуге ықпал ететін құрал. Ал лингвистер үшін зерттеулерін жылдамдату және жеңілдетуге мүмкіндік беретін шешім.
Екіншісі, қазақ тілінің жарнама корпусы. Жарнама мәтіндерінің қазақ тіліндегі үлгілерін жүйелеп жинақтауды мақсат ететін жоба. Бұл жоба Google, Yandex секілді ақпарат іздеу сервистеріне қазақ тіліндегі жарнаманы тануға үйретеді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жарнама мәтіндерін түсінуге және жарнаманың мақсатына, міндеттеріне, аудиториясына, өзге де параметрлеріне сәйкес анықтауға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асыру мерзімі – екі жыл. Қазіргі таңда корпусқа қажет материалдарды жинақтау кезеңі жүріп жатыр. Осы ретте жобаға қажет материалдарды жинауға көмектесіп жүрген ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек мырзаға, ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі мырзаға алғысымызды білдіреміз.

– Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген шаралар болса, тарқатып айтып өтсеңіз.

– Институттың Алматы қаласы әкімдігімен жұмысы тіл саясаты және ономастика шеңберінде жүреді. Қазіргі таңда елімізде қазақ тіліне қатысты сұраныс көбейіп, түрлі салаларда мемлекеттік тілді талап етіп жатыр. Осыған байланысты институт әкімдікпен бірлікте мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру бойынша, мемлекеттік тілдің қоғамда қолдану аясын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеп келеді. Сондай-ақ Алматы қаласының ескірген, мағынасы көмескіленген, немесе мағынасы түсініксіз көше мен елдімекен атауларын өзгерту бойынша бірлесіп көптеген шаруа атқарылып жатыр.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?