jasqazaq.kz

«Тіл парасат» атты республикалық байқауын өткізеді

21 қараша 2017, 17:41

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК 2017 жылғы 23 қарашасында этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл парасат» атты республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері қатысады. Байқау ережесіне сәйкес келесі тапсырмалардан тұрады:

— Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер

— Қазақша эссе жазу

— Диалог құру

— «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырманы орындау.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, Әйтеке Би көшесі, 99

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 23 қараша, сағат 14.00

Байланыс телефоны: 8 (7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті