Лаңкестік әрекетке қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы «Батыс-2» ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу жиындарын өткізе бастады, – деп хабарлады Aktobenews.kz.
Құзырлы органдар аталған шараға байланысты тұрғындардан сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауларын сұрайды. «Аталған шара жоспарлы түрде жүзеге асады және мемлекеттік органдардың лаңкестік әрекетке қарсы дайындық деңгейін арттыруға бағытталған», — делінген ресми мәлімдемеде.