Үйінің терезесіне ту іліп, айыппұл салынған қызылордалық тұрғынның арызын сот қанағаттандырмай тастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Осыдан біраз бұрын жеке баспанасының терезесіне ту іліп қойған қызылордалық азаматтың әрекеті әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Сол сәтте ішкі істер департаментінің полицейлері тұрғынға 453800 теңге айыппұл салған. Алайда тұрғын онымен келіспей, сотқа шағым түсірген болатын.
Ал судья жеке тұрғын үйлердің терезесіне мемлекеттік рәміздерді ілу заңмен тыйым салынғандықтан, полицейлердің қаулысын өзгертусіз қалдырыпты.
Алайда өзіне салынған айыппұлмен әлі де келіспей отырған тұрғын, енді арызын апеллияциялық сотқа жолдамақшы.