jasqazaq.kz

Тепловоз қатысуымен болған апаттан 9 адам көз жұмды

26 қараша 2017, 11:04

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы прокуратурасының нақты мәліметі бойынша, «Газель» автокөлігі мен тепловоз қатысуымен болған ЖКО-да 9 адам көз жұмған.

Бұл туралы «Лада» хабарлайды.

Бұған дейін 6 адамның қаза болғаны хабарланған еді.

Прокуратура анықтағандай, ЖКО-да 36 адам зардап шеккен. Олардың 9-ы көз жұмыпты.

Ал 27 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың 8-і ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендер арасында 3 бала бар.

«Аталған факті бойынша материалдар ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, екі немесе одан көп адамның өліміне әкелу) және ҚР ҚК 344-бабы 3-бөліміне (Темір жол көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе темір жол көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, екі немесе одан көп адамның өліміне әкелу) сәйкес СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деп мәлімдеді Жаңаөзен прокуратурасының өкілі.

Естеріңізге сала кетсек, Жаңаөзен қаласынан шалғай орналасқан Теңге ауылының маңында «Газель» көлігі мен тепловоз соғысып қалған еді.

«25 қараша күні сағат 14:20-да Маңғыстау облысы Өзен-Болашақ жол бөлігінде тепловоз бен «Газель» маркалы автокөлік соқығыс қалған. Өтпелі дабылдатпа құрылғысының жұмысында ақау болмаған. 60 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан тепловоз жүргізушісі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тоқтауға тырысқан. Бірақ апаттан қашып құтылу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді АҚ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» баспасөз қызметі.

АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» арнайы комиссиясы апаттың себебін анықтап жатыр.

stan.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті