jasqazaq.kz

Теңге төрге озған күн

18 қараша 2016, 11:32

Баспана мен көлік сатып алушы бұрынғыдай ақшасын долларға айырбастап, ары-бері шапқыламайды. Сауда-саттығын өзіміздің теңгемен жүргізеді. Осыдан-ақ жұрттың ұлттық валютаға деген сенімі артқанын байқаймыз. Демек, долларсыздандыру саясаты іске асты. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында төл теңгеміз айналымға енгізілген күн айтулы да айшықты оқиғамен есте қалды. Елордада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» деген тақырыппен конференция өтті.

9f36943a1bbce30d956732430f4a5588

Алқалы жиында Ұлттық банк Мемлекет басшысының бейнесі бедерленген жаңа банкнот пен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған естелік монетаны жұртшылық назарына ұсынды. Жиында сөз алған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамызбен қатар, мемлекеттің төл валютасының болуы Тәуелсіздіктің ең басты белгілерінің бірі екенін атап өтті. Ол 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан өз валютасы – теңгені айналымға енгізіп, үлкен тарихи қадам жасағанына тоқталды. Г. Әбдіхалықова сол кезде экономика тоқырап, өндіріс орындары жабылған, тіпті қарапайым адамдардың жалақысына дейін сыртқы факторларға тәуелді болғанын еске алды. «Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз уақыт сынынан сүрінбей өтті. Ал төл теңгеміз Тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты. Әлемдік дағдарысқа лайықты төтеп беріп, мызғымас қуатын дәлелдеді, – деді Мемлекеттік хатшы.

0743d996a250cd11a5d43252bb621db6
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мызғымас негіздерінің бірі – ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім екенін айта келе, көпшілікке таныстырылған естелік монетаға осы идея негіз болғанын атап өтті. Бас банкир «Баршамыздың Отанымыз бір, тағдырымыз бір. Тәуелсіздік тарихы – Мемлекет басшысының тарихымен тығыз байланысты. Сол себеп-ті, Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, еліміздің дамуына Президенттің қосқан үлесін бейнелейтін мерейтойлық банкнотты назарларыңызға ұсынады» – деді.
Данияр Ақышев, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жеткен жетістіктер мен бағындырған биіктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ажырамас байланыста екеніне тоқталды. Ол осыған былай деді: «Тұңғыш Президенттің еліміздің тарихындағы рөлі мен маңызын қарапайым өмір құндылықтарымен өлшеу мүмкін емес. Еліміздің тарихи жетістіктерінің алтын парағы болашағымыз әлі айқындала қоймаған қиын кезеңде жазылды. Сол уақытта қабылданған шешімдер тарихи ауқымы жағынан да, ел халқының тағдырына ықпалы бойынша да бұрын-соңды болмаған баға жетпес құндылыққа ие екендігін уақыттың өзі дәлелдеді».
Д. Ақышев атап өткендей, теңге – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Төл валютамыз дамудың жаңа деңгейіне жол ашып, жаңа нарықтық экономиканың құрылымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ете алды. Төл валютамыз ғана тәуелсіз экономикалық және қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыруымызға, нақты эконо-микалық егемендікке қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызды. Ол, сондай-ақ банкнотқа портрет салу тәжірибесі әлемде кең қолданылатынын, Нельсон Мандела, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчиль және басқа да әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың бейнесі өз елдерінің заманауи қағаз ақшасында бейнеленгенін атап өтті.

Талап Тілеген

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету