jasqazaq.kz

Тәжік-ауған шекарасындағы ерлікке – 30 жыл: Алматыда еске алу шаралары өтті

09 сәуiр, 11:08

1995 жылғы 7 сәуір – тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің 17 жауынгері ерлікпен қаза тапқан тарихи күн. Биыл осы қайғылы әрі қаһармандық оқиғаға 30 жыл толып отыр. Осыған орай еліміздің барлық өңірлеріндегі Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде ауқымды еске алу шаралары өтуде.

Айрықша еске алу шарасы Алматы қаласындағы 3650 әскери бөлімінің аумағында өтті. Мұнда тәжік-ауған шекарасында қызмет бабында қаза тапқан сарбаздарға арналған ескерткіш тақта ашылды. Шараға Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және 3650 әскери бөлімінің басшылығы, сол бір тарихи миссияға қатысқан ардагерлер, жергілікті атқарушы билік өкілдері, оқушылар мен әскеир бөлімнің жеке құрамы қатысты.


Алғаш болып сөз алған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы подполковник Арман Сеитов шейіт болған 17 жауынгерлерді еске алып, олардың қайтпас қайсарлығы мен өшпес ерлігі туралы баяндама жасады.
Шара барысында қатысушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен боздақтардың рухына тағзым етті. Әскери оркестрдің орындауында Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Жиналған қауым алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреевтің атынан ардагерлерге алғыс сөз оқылып, ерлік пен елдік туралы естеліктер айтылды.
— Біздің буынның өз миссиясы болды. Біз антымызға адал болдық. Жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қарулас жолдастарымыз көз жұмды. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс, – деді қанды шайқастың куәгері Жанат Несіпов сол күндерді еске алып.


Сонымен қатар жиын барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының арнайы бұйрықтары оқылып, тәжік-ауған соғысы ардагерлері марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, 1992-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасында ТМД елдерінің бірлескен бітімгершілік миссиясы аясында қазақстандық жауынгерлер қызмет атқарды. 1995 жылдың 7 сәуірінде шекара маңындағы Пшихавр шатқалында болған ауыр шайқаста 17 қазақстандық сарбаз ерлікпен қаза тапты. Бұл оқиға Қазақстан әскерінің тарихында ерекше орын алады. Сол жауынгерлердің есімі бүгінгі ұрпақ жадында жаңғырып, олардың ерлігі мәңгілік ұмытылмауы тиіс!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр