
Таяу Шығыстан мыңдаған отандасымыз елге қайта алмай отыр. «Туристік қамқор» қорының есебінше Біріккен Араб Әмірліктерінің өзінде 2 жарым мың қазақстандық жүр. Тағы мыңнан аса турист Катарда, 200 отандасымыз Сауд Арабиясында қалған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Қазір соғысқа байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания мен Ливанның әуе кеңістігі толық жабық.
Біріккен Абар Әмірліктері, Қатар, Сауд Арабиясы сияқты Таяу Шығыстағы елдерге демалуға кеткен отандастарымыз бүгін үшінші күн шыбын жанын шүберекке түйіп отыр. Өткен сенбіден бері тоқтамаған зымырандар туристердің зәре-құтын қашырған. Соның бірі — Қатарға саяхаттап кеткен Заңғар Серікұлы. Еш уайымсыз теңіздің жағасында күнге қыздырынып жатқанда жойқын жарылыстың даусынан шошынғаны сонша, «қонақ үйге әрең жеттік» дейді отандасымыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram