Тауға бармаңдар: сел жүруі мүмкін

27 шiлде 2023, 15:40

Алматы ТЖД таудағы сел қаупіне қатысты шұғыл хабарлама жариялады.
Ауа райы болжамы бойынша, ертең, яғни 28 шілдеде Алматы мен оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде.

Соңғы 13 күнде қалыптасқан ауа температурасының жоғарылауына байланысты, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупінің жоғары дәрежесі байқалады. Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел жүруі мүмкін», — делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз хабарламасында.
ТЖ министрінің нұсқауына сәйкес Алматы қаласында орналасқан құтқару бөлімшелері жоғары дайындық режиміне келтірілді. Ал әкімнің міндетін атқарушының өкімімен қалалық азаматтық қорғау қызметтері, аудандық әкімдіктер, азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару, инженерлік техникасы дайындыққа келтірілді.

«Қазселденқорғау» бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Қалалық ТЖД: «Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сел тасқынына қалып қойған жағдайда құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатау тауларына бармауды сұраймыз, — деп ескертіп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды