jasqazaq.kz

Татулыққа  шақыратын байқау

22 қараша 2017, 11:27

Жуырда Алматы мемлекеттік бизнес коллежінде Қазақстан Халқы ассамблеясының тарихын, этностарын, олардың ұлттық асханасын, салт-дәстүрлерін білу бойынша байқау өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, колледждің ұстаздары мен студенттері, жастар қатысты.

Бұл байқаулың өтуіне Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік емкемесі мен Алматы мемлекеттік бизнес колледжі ұйытқы болды. Іс-шара аясында колледж студенттері арасында еліміздегі этностарды, олардың салт-дәстүрі мен асханасын, Қазақстан Халқы ассамблеясының құрылу тарихын білу бойынша конкурс, әртүрлі этностардың ұлттық асханасының көрмесі өтті.

Іс-шара Алматы қаласы ҚХА төрағасы орынбасары, «Ирныхас» мәдени ағартушылық орталығының төрағасы Қазыбек Мамсуров пен Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Гүлфайруз Қасымованың сөзімен басталды. Олар Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтаудың, жастар арасында толерантты ойларды қалыптастырудың маңыздылығына атап айтты және оқу орындарының жастарды тәрбиелеуге тигізетін үлкен әсеріне көңіл бөлді. Содан кейін, Қазақстан Халқы ассамблеясының қызметі жайлы қысқаша ақпарат беріліп, концерттік бағдарлама мен Қазақстан Халқы ассамблеясының тарихын, этностарын білу бойынша байқау басталды.

Байқау барысында коллеж студенттеріне бірнеше сұрақ қойылды. Дұрыс жауап бергендеріне Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нен сыйлық берілді. Концерттік бағдарлама аясында коллеж оқушылары  ән айтып, би билеп әртүрлі этностардың музыкалық аспабында  ойнады. Бағдарлама аяғында, студенттер бірге сахнаға шығып, ән айтып, флешмоб жасады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері де құр алақан отырмады. Олар жастармен бірге шығып, би биледі.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті