jasqazaq.kz

Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі

12 қыркүйек 2022, 16:17

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.

Қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев биылғы Жолдау жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап бергенін айта келе, мемлекеттік басқару ісін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ендігі ретте әрбір азамат Жолдаудан өзіне жүктелген міндетті жете білуі тиіс.

Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов жаңадан кәсіп бастаушылар мен жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті қолдау бар екенін айтты. Бизнесті ілгерілете отырып, адами капиталды дамыту бойынша өз ойларын жеткізді. Кәсіпкерлерге енді бизнесін дамытуда ешқандай кедергі болмайтынын ұғындырды.

Сонымен қатар, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе, ынтымақтаса еңбек етуге шақырды. Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақовтың айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиындар одан әрі жалғасады.

Айта кетсек, жуырда Шымкент қаласының ҚХА өкілдері Қостанай өңіріндегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуден қалыс қалмаған болатын. Қаладағы «Достық үйі» жанынан кезекті гуманитарлық көмек тиелген көлік Әулиекөл ауданына аттанды.

Бүгінде Шымкент қаласында Қостанайда орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб ашылған. Штаб жұмысына қалалық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер де белсенділік танытуда. Кезекті көмекті күрді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Бүгінге дейін «Достық үйі» жанындағы этномәдени бірлестіктері мен Аналар кеңесі тарапынан миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Одан бөлек, жарты тонна азық-түлік (макарон, күріш, картоп, пияз т.б), 800 дана киім-кешек мен жылы аяқ киімдер жиналған. ҚХА өкілдері мұндай көмек алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті