jasqazaq.kz

Тасқынға — тосқын: қауіпті өңірлерде су деңгейі ерекше бақылауда болуы қажет

15 сәуiр 2025, 14:15

Премьер-Министр Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері су тасқынына байланысты жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауы тиіс. Жауапкершілікпен әрі шұғыл қимылдап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ел басшылығын хабардар ету қажет. Тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың өтініштеріне дереу құлақ асу керек.

Су ресурстары министрлігі мен әкімдіктер, әсіресе еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде орналасқан су қоймалары мен нысандардағы судың деңгейін ерекше бақылауда ұстау қажет. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктеріне ахуал күрделене түскен жағдайда оны бақылауда ұстауды тапсырамын. Қажет болса, қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру керек.

Көлік министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге зақымданған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдасын. Жолдар мен көпірлердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет.
Экология министрлігі ауа райы болжамының нашарлауына қатысты ақпарат алған кезде дауылды ескертулер туралы тиісті мемлекеттік органдарды жедел хабардар етсін.

Цифрлық даму министрлігі су тасқыНын болжау және модельдеу жұмыстарын жалғастырсын. Tasqyn ақпараттық жүйесін оның жұмысына қатысты айтылған сын мен анықталған кемшіліктерді ескере отырып жетілдірсін.

Былтырғы су тасқынын ескере отырып, төтенше жағдай зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету мәселелері бойынша барлық нормативтік- құқықтық актілерді өзектендіру жұмысын бір апта мерзімде аяқтау қажет.

JQ-Aqparat

Фото: Егемен Қазақстан

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников