jasqazaq.kz

Тәртіпке бағынбаған блогер қамауға алынды (видео)

15 сәуiр 2020, 8:50

#үйдеотыр

Шымкентте Руслан Жанпейісов есімімен белгілі блогер әкімшілік құқықбұзушылық үшін 25 тәулікке қамауға алынды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Капал батыр» көпірінің жанындағы блокпостта полицейлер тоқтатқан көліктердің арасында «Opel» автомашинасы болған. Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат құжаттарын тексеру барысында жүргізуші Бибарыс Райымбеков (Руслан Жанпейісов есімімен танымал блогер) «Adil Stroi Project» ЖШС-да заңгер болып жұмыс істейтіні туралы анықтама ұсынған. «Оның сөзінше, сол анықтама негізінде полицейлер оны кедергісіз өткізуі тиіс болған. Онымен бірге, анықталғандай, аталмыш ЖШС қазіргі уақытта қала ішінде ешқандай жұмыстар атқарып жатқан жоқ. Азаматтарға, соның ішінде ішкі істер органдарына заңды сақтау қажеттігін айтып жүретін блогер тексеріс барысында құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Ол құжаттар тексерілгеннен кейін де полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіруді жалғастырды. Видео жазып, әлеуметтік желілерде трансляция жүргізді. Солайша, олардың блокпосттағы жұмыстарына кедергі жасады», — деді полицияда.

https://youtu.be/Cl47Ms2lic8

Бибарыс Райымбековке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-ыншы (Төтенше жағдай режимін бұзу) және 478-баптарына (Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға әкеп соғатын әрекет жасау) сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. «14 сәуір күні видеоконференция түрінде өткен сот процесінде ТЖ режимін бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды. Сондай-ақ сот анықтағандай, азамат Райымбеков төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің тарапына өзінің наразылық сөздерін білдіріп, іс-әрекетімен құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Тікелей эфирдегі трансляцияда өзінің негативті пікірлерін білдіре отырып, төтенше жағдай режимі жарияланған елдімекенде қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымдық тұлғаларға қарсылық білдірді. Осыған орай, оған 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды», — деді департаменттен.

ҚазАқпарат

11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар