Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен 25 – қазан Республика күніне орай қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты іс-шарасының екінші күні өтті.
Мақсаты — Шымкент қаласындағы талантты, белсенді әрі дарынды жастардың елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып, жастар арасында салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру. Еліміздегі түрлі салалардың дамуына үлес қосып жүрген жастарды қанаттандыру, дарындылығымен көзге түскен жас буынды ынталандыру, ерен еңбегін бағалау.
Іс-шараның екінші күні қыздар арасында ұлттық тағамдар әзірлеуден: бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе кесу, майсөк әзірлеуден жарысқа түсті. Қыздар ұлттық тағамдар әзірлеуде өз белсенділіктерін көрсетті. Ал үшінші күні дәстүрлі өнер бойынша ән мен биден шашу шашып (жекелей немесе топ болып), қазақ халқының тарихы жайында викториналық сұрақ-жауап жарысы өтетін болады.
Іс-шараның қорытынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.
Айта кету керек, ұйымдастырылған шараның талабына сай қатысушылар ұлттық нақыштағы киім кию міндеттелді. Сондай-ақ, жігіттер арасында ұлттық ойыннан сайыс болды. Оған шаһардың 8 жоғары оқу орыны жастары қатысты. Атап айтқанда: қол күрес, асық ату, ләңгі тебуден Қазақстан халықтар достығы университеті, «Мирас» университетi, М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi, «Шымкент» университеті, Ж. Ташенов атындағы университет, Орталық Азия Инновациялық Университеттері арасында өзара тартысты сайыс өтті.
Шараның қортынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.
Ал үшінші күні дәстүрлі өнер бойынша дәстүрлі әндер мен биден жекелей немесе топ болып сайысады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы жайында викториналық сұрақ-жауап жарысы да өтетін болады.
Тоқтар Жақаш