jasqazaq.kz

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды алып кетпек болған (Видео)

18 ақпан, 10:07

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды алып кетпек болған. Полиция күдіктілерді қамауға алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда 13 жастағы мектеп оқушысының жанына көлік тоқтап, ішінен екі ер адам түседі. Олардың бірі қызды көлік салонына күштеп отырғызуға әрекеттенеді. Оған өтіп бара жатқан адам кедергі келтірді.

«Полицияға аялдамада тұрған қызды екі белгісіз азаматтың автокөлікпен ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес