jasqazaq.kz

Таразда бандит-блогер ұсталды (Видео)

11 сәуiр 2023, 23:35

Таразда бандит блогер ұсталды. Ол ұйымдасқан топ құрып, «жастарды тәрбиелейміз» деген желеумен қоғамдық қор ашып, жергілікті кәсіпкерлерді ақша салуға мәжбүрлепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Көнбегенін қинаған, тізе батырып төпелеген. Бұлардың тарапынан бопсалау көбейген соң, құзырлы орындардың назарына ілігіпті. Ұзақ уақыт аңдып, ақыры құрықталды. Ұйымдасқан топтың жетекшісі қылмыс әлемінде аты шыққан азамат дейді полицейлер. Ол біртіндеп блогерлікпен айналысып, әділеттілікті жақтаушы ретінде желіде белсенді бола бастаған. Көшеде тек оққағарларымен жүрген деседі. Арнайы операция кезінде 9 адам ұсталды. Олардың үйін тінту барасында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған Калашников автоматы мен бірнеше тапанша және 38 пышақ табылған. Және есірткі тәркіленді.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

— Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық топқа қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін