Таразда ойын кезіндегі белгісіз жағдайда балалар алты жастағы ұлды өртеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысының ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 маусым сағат 18:00-де Тараздағы Менделеев көшесінде жылдам өртенетін затпен ойын кезінде, балалар белгісіз жағдайда 2012 жылы туған баланы өртеп жіберген», — делінген хабарламада. Сонымен бірге, департамент өкілдері баланың ауруханада емделіп жатқанын атап өтті. Ол ІІ және ІІІ деңгейдегі күйікке шалынған (денесінің 18 пайызы).