jasqazaq.kz

Тараз тұрғыны Аша Матайды тікелей эфирде ұялтып, кемшілігін бетіне басты

30 қазан 2017, 14:02

Тараз қаласының тұрғыны Жәмилә Бүркітбаева Қалаулым бағдарламасының тікелей эфиріне хабарласып, жүргізуші Аша Матайды күйеуі Арманның көзінше сынап, кемшілігін бетіне басты,-деп жазды Stan.kz.

Тікелей эфирге Тараз қаласынан қоңырау шалған көрермен әнші Аша мен Арманның отбасына бақыт тілей отырып, Ашаның кемшілігін барша қазақстандықтардың алдында жайып салды.

«Сіздердің отбасыларыңызға зор бақыт тілеймін. Өте әдемі жұпсыздар. Бірақ Аша ханым, сізге айтарым кішкене дұрыстап қимылдап, әдемі билеуді үйреніп алсаңыз жақсы болар еді. Қимылдарыңыз тым ерсі көрінеді. Арман, сіз жақсы билейсіз ғой, жарыңызға әдемі билеуді үйретсеңіз»,-деп айтып салды Жәмилә есімді Тараз тұрғыны.

Мұндай сынды күтпеген Аша тікелей эфирде қызарып, аздап қобалжып, ұялғанын білдіріп қойды.

«Әрине, әрине сіздердің сындарыңыз маңызды. Арман, енді биді үйретесің маған (күліп). Негізі бала күнімнен көптеген би үйірмелеріне қатыстым. Негізінен хип-хоп стилінде жақсы билеймін. Бірақ, мына бағдарламаға ол биім үйлеспейтін сияқты. Сондықтан, басқаша билеуді үйренуге кірісемін»,-деп жауап берді Аша Матай.

Ал Бағдарламаға қатысып отырған Арман болса өз тыңдарманына әйеліне би үйретуге уәдесін берді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы