jasqazaq.kz

Танымал әнші құмар ойындарына «салынып» кеткеніне өкінді

25 ақпан 2018, 14:44

2000 жылдары әндері хит болып, елдің аузынан түспейтін «Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Нұрлан өзінің өміріндегі ең үлкен қателік туралы айтты. Ол мың долларлап ақша шашып, құмар ойындарға салынып кеткен кездерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

ұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» жобасында айтты.

Әншінің айтуынша, 2000 жылдардың басында премьер-министр болып тұрған Нұрлан Балғымбаевтың арқасында танылып, әндері хитке айналған топтың бүгінде танымалдылығы азайған.

Дегенмен, олардың әндерін іздеп, сұрап тойға шақырып тұратындар да жоқ емес. Қарапайым халық тарапынан сүйіспеншілікке ие болған әншінің өміріндегі кейбір жайттар шығармашылықтың құлдырауына алып келген.

«Ішімдікті тастау оңай, темекі тастаған өте қиын. Бір күн тынбай ішкен күндерім болды. Мен бүгін ішпеппін ғой деп, кейін жарты шөлмек ішкенің есіңе түсіп жатады. Су ішкен секілді болып жүре береді екенсің. Бара-бара денсаулық сыр бере бастады. Содан ойланып, тастадым. Ләйлә, қараңызшы. Әлі күнге дейін барып жүргендер айтпайды. Бірақ бәрі біледі. Мен барғанымды айтамын, шындықты айтамын. Содан мені бәрі ішеді екен, шегеді екен, казинодан шықпайды екен деп ойлайды. Ел қатарлы бардық та, көрдік, құдайға шүкір қойдым. Үлкен қателік қой, үлкен», — деді Нұрлан.
Бүгінде Нұрлан мен Мұрат бірге тойларға барып, шығармашылық жолда қайта біріккендерін айтты.

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар