jasqazaq.kz

Танымал актриса есірткімен ұсталды

12 маусым 2018, 14:24

Астанада қазақстандық актриса және модель Әсемгүл Ибраева есірткі сақтағаны үшін сотталды.

Іс материалдарының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың наурызында Ибраева Астанадан Алматыға ұшпақ болады. Алайда рентгендік телевизиялық құрылғы арқылы тексеру барысында сөмкесінен 4,247 грамм салмақ тартатын қақпағы фольгамен оралған әйнек құты табылды.

Айыпты кінәсін толық мойындаған. Сотта актриса құтыдағы есірткі затты Астанадағы Орталық саябақтан тапқанын және өзіне пайдалану үшін алғанын айтты. Ал келесі күні Алматыға кастингке ұшу керек болған. Есірткі затты да пайдалану үшін сөмкесіне салып алған.

Сонымен қатар жазасын жеңілдетуді сұрап, кінәсінің өтемі ретінде қоғамдық жұмыстарымен айналысуға дайын екенін жеткізді.

Ибраеваны тыңдаған сот актрисаға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2 бөлімі (Тауар өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және перекурсорларды заңсыз пайдалану) бойынша айыпты деп танып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыспен айналысу жазасын бекітті.

Әсемгүл Ибраева карьерасын Қытайдағы Miss Tourism Queen Asia-2013 сұлулық байқауынан бастады. Бірнеше байқауларға қатысқан модель 2017 жылы «Кибер қауіпсіздік» сериалына түсті.

qamshy.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды