Адамзат баласының қызығы мен шышығы қатар жүретін өмір жолында ең бір ұмытылмас сәттері университет қабырғасында өтеді деп ойлаймын. Алатаудай асқақ арманым болған Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде еш ұмытылмас студенттік сәттерімнің өтуі мен үшін үлкен мақтаныш деп білемін. Мектеп табалдырығында оқып жүрген сәттен арманыма айналған оқу ордасы қазіргі таңда мақтан тұтар университетіме айналды. Өйткені осындай еңсесі биік, заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.
Университетке келгелі бері өзімнің нағыз білімі қайнаған, телегей теңіз оқу ордасына енгеніме қатты қуанамын. Өйткені мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы – сапалы білім екенін ескерген болатын. Сол сапалы білімнің нағыз ордасы, қара шаңырағы, әлемдік және Қазақстанда ойып аларлық үлкен орны бар университетімізде әлемнің түкпіп-түкпірінен, жан-жақтан мыңдаған студент жиналған.
Университетімізде жан-жақты біліктілігі жоғары, қазақтың керемет біртуарларының алдын көрген, сол кісілерден біліммен сусындаған, дәріс алған оқытушы-профессорлар, ғылым кандидаттар, ғылым докторлар мүлтіксіз, университетке адал қызмет атқарады.
Бұл жоғары оқу орнында қазіргі таңда 180-нен асатам сала бойынша маман дайындайды. Университетте 15 факультет шоғырланған. Олар: биология және биотехнология, заң, журналистика, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық, механика-математика, халықаралық қатынастар, философия және саясаттану, химия және химиялық технология, филология, әдебиеттану және әлем тілдер, Шығыстану факультеттері мен экономика және бизнес жоғары мектебі.
Бұның барлығы менің мақтанғаным емес бұның барлығы шынайылықпен және өз университетіме махаббатыммен жазылып отырған дүние. Әл Фраби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде алған білімім жарқын болашағымның кепілі деп білемін. Сол үшін менің унимерситетім – менің мақтанышым!
Жанна Қаңтарбаева, Жанар Жақсылық