Таңбалы тас — тарихи мұра

21 мамыр 2021, 22:20

Әлемнің түпкір-түкпірінде бізден мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген адамдар тұрмыс тіршілігін тасқа түсіріп кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Ондай Мұра бізің қазақ жерінде де бар. Солардың бірі Алматыдан 120 км жерде, Іле өзенінің жанында орналасқан – Таңбалы тас.

Археологтардың айтуынша сурет, жазу мен таңбалар б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. Зерттеушілердің айтуынша бұл жерде мыңнан аса сурет бар. Ал көзге бірінші болып түсетіні – Будда Шакьямунидің суреті. Тарихқа сүйене отырсақ бұрында қазақ жерінде сақ тайпасы- будда дінін ұстанған. Одан бөлек көшпенділер жан-жануардың, адамның бейнелерін түсіріп кеткенін көруге болады.

Бұл жерді 19 ғасырдың аяғында зерттей бастаған. Шоқан Уәлиханов 1978 жылы тастағы бейнелерді қағазға түсірсе, 1899 жылы Александр Позднеев суреттер мен жазуға түсініктеме берген.

Таңбалы тас нағыз демалатын жер. Қаладан алыс емес, өзеннің жанында шатыр тігіп (палатка), қаланың шуынан алыстап, керемет көріністен ләззат алып, тынығуға болады. Алайда тарихи жерді ластап, қоқыс тастап кететін жандар да жоқ емес. Бұл әсем жердің жалғыз кемшілігі осы. Ата-бабамыз мәпелеп сақтаған жерді келешек ұрпағымызға қалдырайық.

25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде
21 шiлде, 10:14
Түркістан: Полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
21 шiлде, 10:13
Түркістан: Бас полицейдің жеке қабылдауы және күре жолдағы акция