jasqazaq.kz

Тамырын кесіп жіберген: Абай облысында ана мен бала өлімінен кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды (Видео)

04 наурыз, 10:57

Абай облысында ана мен бала өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Себебі Үржар ауданындағы перзентханада 34 жастағы келіншек пен ішіндегі шақалақтың өмірі қиылды. Қазір медициналық сараптама қортындысын алған марқұмның туыстары әділдік талап етіп отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ұлан Балапанов: — Жолдасым мен сәбиімнің өліміне қатысты сараптама қортындысы шықты. Осы аурухана дәрігерлерінің кінәсі болып отыр. Жолдасымның тамырын кесіп жіберген. Жолдасымның денсаулығында ешбір кінәрат болмаған. Осы дәрігерлер заң алдында жаппай жазасын алса деймін.

Қайғылы жағдай 30 қаңтарда болған. Төртінші баласын босануға кеткен Гүлнәр Қайратқызының ауруханадан мәйіті шықты. Ана мен бала өлімінінен кейін ауданның бас дәрігері қатаң сөгіс алып, оның екі орынбасары қызметінен қуылған. Ал медициналық сараптама әйелдің ішіне қан кетіп көз жұмғанын анықтаған. Енді полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сұңғат Әділбеков, Абай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы:  — Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесімен заңды процессуал шешім қабылданады.

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр