
Талғарда тағы да қанды қылмыс оқиғасы орын алды. Тұрғын үйлердің бірінде 39 жастағы әйел ұйықтап жатқан күйеуіне 30-ға жуық пышақ жарақатын салып мерт қылған. Қазір ол қамуға алынған. Бұл іске марқұмның енесінің де қатысы бар деген ақпараттар тарауда.
Марқұмның қарындасы Әлия оқиға түнде балаларының көзінше болғанын айтады.
“Ағам соңғы рет маған кешкі сағат алты жарым шамасында хабарласты. Шаршап жүргенін айтып, ұйықтаймын деді. Содан кейін полиция департаменті ағамыздың көп жарақат алғанын айтты. Содан кейін мен жұбайыммен бірге сол жерге бардым.
Бізді кіргізбеді. Біздің білуімізше, сол жерде жаңағы әйел де болған, анасы да болған және балалар да болған. Оқиға солардың көзінше болған”,- деді ол.
Марқұмның қарындасының айтуынша, ағасы мен жеңгесі 2019 жылы ажырасып кеткен. Одан бөлек, жеңгесі ағасының жылқыларын ұрлап сатып жіберді, бұл іске соның қатысы барын айтты. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
View this post on Instagram
View this post on Instagram