

Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, өртті сөндіруге 10-нан аса арнайы техника тартылған.
«Қазіргі уақытта өртті сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр. 10-нан аса арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Толығырақ мәлімет кейінірек хабарланады», — деді Азамат Жұртбаев. Сонымен қатар, Талдықорған ІІБ күштері өрт болып жатқан аумақты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршауға алды. Өрт Астана уақыты бойынша 12:54-те сөндірілді. Өрт аумағы — 850 шаршы метр. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.