jasqazaq.kz

Талдықорған қаласында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі өтеді

13 қараша 2017, 13:11

Талдықорған қаласында воллейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев пен «Жетісу» кәсіби воллейбол клубы жетекшісінің орынбасары Ришат Парманов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнирде Қазақстанның түкпір-түкпірінде құрылған командалар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Бурятия, Литва сияқты мемлекетерден спортшылар жарысқа түседі.

«Спорт — бұл ең әуелі салауатты қоғам қалыптастыратын, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет» — деді Т.Шарапиев.

«Ұйымдастыру коммитетінде осымен үшінші мәрте отырыс өтіп, дайындық жұмыстары қаралды. Өтетін орынның дайындығы, медальдар мен кубоктың эскиздері бекітілді. Турнир Талдықорғанда өтетіндігімен мақтанамыз, қызықты әрі тартысты ойын болады. Сайысқа сақадай саймыз», — деді Р.Парманов.

Жарыс жүлдегерлеріне медальдармен қатар I орын үшін — 1 млн теңге, I орынға — 700 мың теңге және III орынға 500 мың теңге беріледі.

Жарыс 17 қарашада басталады. Ардагер воллейболшылардың тартысты турнирін көргісі келетін қауым үшін есік ашық.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы