jasqazaq.kz

Такси жалдап, дүкен тонаған жігіт ұсталды

09 қараша 2023, 10:44


Астанада такси жалдап супермаркеттерден ұрлық жасаған азамат құрықталды. Polisia.kz хабарлағандай, Астана қаласы полиция департаментінің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында супермаркеттерден ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады. Жас жігіт жеке такси жалдау арқылы қаланың бірнеше супермаркетін аралап, тауарларды жымқырған. Тергеу барысында күдікті Нұра ауданында орналасқан дүкенге келіп, такси жүргізушісінен сыртта күте тұруын өтініп, өзі ішке кіріп кеткені белгілі болды. Сауда залында өзінің іс-әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген соң ол сөреден 122 мың теңгеден астам сомадағы тауарды жасырын алып шығып, жалдамалы көлікпен кетіп қалған. Ұрланған заттарды бейтаныс адамдарға сатып жіберген. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды