Өзбекстанның оқу орындарының бірінде мұғалім оқушыны сабақ үстінде сабаған. Оқиғаны оқушылардың бірі түсіріп алып, желіге жүктеген.
Видеожазба Uzbek-MDK телеграмм-арнасында жарияланды. Видеодағы бала жоғары сыныптарда оқитын оқушыға ұқсайды. Кадрлардан ер адамның жасөспірімді ұстап тұрып, бірнеше рет соққы жасағанын байқауға болады. Оқиғаның неден шыққаны әзірше белгісіз қалып отыр.