jasqazaq.kz

Тағы да қымбатшылық күтіп тұр

18 қазан 2016, 21:42

tarif

Елімізде тариф тағы еселеп көтерілуі мүмкін. Себебі, аймақтарда коммуналдық ақының әртүрлі болуы бүгін премьер-министрдің өзін таң қалдырды.

Мәселен,Тараз тұрғындары кәріз жүйесі үшін 8 теңгеден төлесе, қарағандылықтар бұған он есе шығынданып яғни 96 теңгесін санап береді. Жер мен көктей айырмашылық енді теңестірілуі тиіс. Бұл өз кезегінде барлық облыста коммуналдық ақының жаппай қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Оның үстіне, халықтың жылу, жарық , су тарататын мекемелердің алдындағы берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Қордаланған қарызды қайтару үшін  бірінші басшылардың өзі жұрттың есігін қағып, үй аралауға мәжбүр. Мысалы, Семей әкімі бар маңызды шаруасын ысырып қойып борышкерлерден коммуналдық ақыны төлеуін жалына сұрап жүр. Бірақ бүгін Үкімет басшысы соңына журналистерді ертіп алып түкке тұрғысыз ісін жарнамалауға құмар осындай шенеуніктердің өздерін ұялтты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Бұл дұрыс емес. Ертең есік алдын жинап жүретін шығарсыңдар. Біз осы ісімізбен әкімдіктің, биліктің беделіне нұқсан келтіріп жатырмыз. Қарызды төлетудің басқа жолын табу қажет.

ktk.kz

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет