jasqazaq.kz

Тәтті түбір тұқымы өзімізден

01 қантар 2017, 12:16

Кезінде еліміздің 70 пайызын қантпен қамтыған Алматы облысы соңғы жылдары тәтті түбір өсіріп, өнім дайындауда жетістігімен қуантып жүр. Қант қызылшасын өсіру алқаптарын ұлғайтып, зауыттарды жөндеуден өткізгелі бері бұл саланың тамырына қан жүгірді. Енді, тіпті тұқымды шеттен алуды да қоятын кез келетін сияқты. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сексенбай Бекішов мәлімдеді.

«Жетісу» ӘКК» ҰҚ» акционерлік қоғамының өкілдері, егіншілік және өсімдік шаруашылығы зерттеу институтының мамандары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшылары, агрономдар және бірқатар шаруашылық өкілдері қатысқан жиында тұқым өндіру мәселесі туралы ақылдасты. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексенбай Бекішов Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен бірқатар іс-шараларды ұйымдастырғанын, нәтижесінде биылғы жылы қант қызылшасының көлемі 6809 гектарға жеткенін айтты.
Айтуынша, облыс әкімдігі тарапынан қант қызылшасын сепкен шаруашылықтарға биыл да қолдау көрсетілуде. Тұқым сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 6100 гектар егістік алқапқа «Жетісу» ӘКК» ҰҚ» акционерлік қоғамы арқылы Франция, Германия елдерінен тасымалданған тұқымдар себілді. Осы ретте шаруашылықтарға берілген тұқым күзгі өнім есебінен қайтарылмақ. Ал қалған 712 гектар алқапқа «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұқымы пайдаланылды.


Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының айтуынша, бүгінгі таңда өңір үшін ең маңызды мақсаттардың бірі – тұқым шаруашылығын жолға қою болып отыр. Өйткені, тұқымды шеттен әкелу қомақты қаржыны қажет етіп отыр.
Сексенбай Бекішов «Қазіргі таңда сатып алынатын Франция, Германия мемлекеттері тұқымдарының сапасы өте жоғары екендігін мойындауымыз керек. Алайда мұндай қымбат тұқымдарды жыл сайын сатып ала беруге шаруашылықтардың шамасы жете бермейді. Сол себепті біз бұл бағытта шетелдерге тәуелді болмай, өзіміздің отандық өнімді өндіруді мықтап қолға алуымыз керек», – деді.
Мамандардың айтуынша, бізде тұқым өндіруге мүмкіндік көп. Мәселен, осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген Панфилов ауданындағы «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасынан сапалы әрі толерантты отандық өнім өндіруге болады. Аталған серіктестіктің директоры Әлен Жолдасов отандық тұқымның артықшылығы жайлы айтты. Оның пікірінше, бұл тұқым түрлі зиянкеске төзімді әрі климатқа мейлінше бейімделген. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директорының орынбасары Шынболат Рысқалиев пен «Жетісу» ӘКК» ҰҚ» акционерлік қоғамы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару департаментінің директоры Қуаныш Тоғайбаев сөз алып, тұқым шаруашылығы туралы пікірін білдірді. Айтылған пікірлерді мұқият тыңдаған Сексенбай Бекішов бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовқа жеткізетінін айтты.

 

Шынаргүл Оңашбай, Алматы облысы 

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам