jasqazaq.kz

Т.Дүйсенова: 3,8 мың адам жұмыссыз қалуы ықтимал

11 қазан 2016, 16:57

snimok

Арнайы жұмыс тобы өткізген зерттеу нәтижесінде 99 мұнай-сервис компаниясының өз қызметкерлерін жұмыстан босату қаупі бар екені анықталды. Бұл мекемелерде 44 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

«Бірінші топта 1239 адам бар. Олар 52 кәсіпорында қызмет етіп, биыл жұмыстан шығарылған. Жұмысшылардың басым бөлігі Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында», – дейді Т.Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін сан алуан бағдарлама бойынша жұмыссыз қалған 325 адам тұрақты жұмыс тапты. 355-і қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың ішінде уақытша жұмысқа тұрғандар да бар. Тағы 100 адам өздігімен жұмыс тапты. Қазіргі кезде қалған 500 адамды жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Екінші топқа 22 кәсіпорынның жұмысшылары кірді. Себебі, олардың жұмысы тұрақсыз кестеге ауыстырылды. Мұндай 3200 жұмысшы бар. Олардың 1316-сы жұмыс істемейді. Өйткені, кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған. 1290-ы мерзімсіз демалысқа жіберілсе, 594-і толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ», – дейді министр xаным.
Ал үшінші топқа алдағы уақытта жұмыссыз қалады-ау деген азаматтар кіреді. Олар – Атырау облысындағы кәсіпорындардың жұмысшылары. Алдағы екі жылда облыста 3804 адам жұмыссыз қалады деген болжам бар.
Министр Т.Дүйсенованың айтуынша, алдағы уақытта Теңізшевройлды кеңейту жобасы аясында қосымша 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Осының есебінен жұмыссыз қалған азаматтарды қызметке тұрғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, индустриялық-инновациялық бағдарлама мен жұмыспен қамтудың басқа да шараларын қолдану қарастырылып отыр.

bnews.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету