jasqazaq.kz

Төбелес шығарған азаматқа полицейлер тосқауыл бола алмады (видео)

07 қазан 2016, 15:26

Танымал журналист Серік Аббас-Шах екі ер адам арасындағы болған қақтығысты тоқтатпай, әрекетсіздік танытқан шымкенттік полицейлердің әрекетіне ашуланды.

«Сен өзің кімсің, бұл менің аумағым», — деп айтып қалады ол. Екіншісі де қарап тұрмай: «Түсініп тұрмын, сіз не бұл жерді сатып алдыңыз ба?», — деп жауап қайырады. Боқауыз сөздер айтуды тоқтатпаған «сол аумақтың қожайыны» оның бұл сөзіне одан бетер ашуланып, оған қол көтеріп, қолындағы камерасынан бір-ақ ұрады.

 Бір қызығы, бұл оқиғаның бәріне куәгер болып тұрған бір топ полицей қызметкері «өзін бұл жердің қожайыны» ретінде таныстырған тұлғаға еш кедергі болмай, қарап тұрған.

Танымал журналист Серік Аббас-Шах полицейлердің бұл әрекетін түсінбей қалды.

«Құрметті шымкенттік ағайын, «аузы — боқтық, қолы — жұдырық» болып тұрған мына «жириновскийді» кім таниды? Ол сол жердің «xаны» ма, «эмирсымағы» ма, жоқ, әлде  «шымкентский» Рамзан Қадыров» па? Оның ел алдында еркінситіндей қандай статусы бар? Полицейлер оның алдында неге моп-мопақан?», — деп жазады ол.

Мұны көрген желі қолданушылары әрекетсіздік танытқан полицейлерді сөгіп тастайды.

«Масқара! Айдың-күннің амандығында құқық қорғау органдарының адамдарының алдында, көшенің ортасында тұрып, осындай әрекеттер жасап тұрған қандай мықты мынау! Күніміз не боп барады!», — деп жазды қолданушылар.

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді